Ирак түрікмен майданы мүшесі Ахмет Булавалыға шабуыл жасалды

Киркук қаласында 4 айдың ішінде 19 түрікмен саясат қайраткері мен зиялысына қастандық жасалды.

Ирак түрікмен майданы мүшесі Ахмет Булавалыға шабуыл жасалды

Ирактың Киркук қаласында Ирак түрікмен майданы (ITC) партиясының Булава ауылы жауаптысы Ахмет Булавалы мен жанұясы мінген көлікке жасалған қарулы шабуылда 3 адам жарақат алды.

Киркук полиция директорлығы баспасөз жауаптысы Афрасяв Камил мәлімдеме жасады. Камил шабуылдағандардың кім болғанының белгісіз екенін, қарулы шабуылда жарақат алған Булавалы, жұбайы және інісінің ауруханаға жеткізілгенін атап көрсетті.

Киркук қаласында соңғы кездері түрікмендерге бағытталған қастандықтар назар аударады. Киркук қаласында 4 айдың ішінде 19 түрікмен саясат қайраткері мен зиялысына қастандық жасалды.

Мұнай резервтеріне бай Киркук қаласында түрікмендер 16 қазан күнінен бері әртүрлі кезеңдерде нысанаға алынып отыр.

Шабуылдардың «қастандық» түрінде жасалуы және оқиғалардың жауаптыларының табылмауы қаладағы түрікмендерді мазалауда.

Шабуылдарда әсіресе саясат қайраткерлері мен университеттерде білім берген кадрлар нысанаға алынуда.



Ұқсас жаңалықтар