ЮНЕСКО жиыны болып өтті

Халықаралық Түрік тілі күні ұсынысына орай ақылдасу жиналысы өткізілді.

ЮНЕСКО жиыны болып өтті

ЮНЕСКО Түркия Ұлттық комитеті тарапынан Түрік әлемі ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің қатысуымен Халықаралық Түрік тілі күні ұсынысына орай ақылдасу жиналысы өткізілді.

Анкарада 9 наурыз күні болған жиналысқа Халықаралық Түрік Мәдениеті ұйымы Түріксой бас хатшысының орынбасары Проф. Фырат Пурташ,  Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі,  түрік әлемінде қызмет атқаратын халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ЮНЕСКО-ның Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан ұлттық комитеттерінің өкілдері қатысты.

Жиналыста делегациялар Халықаралық Түрік тілі күнінің әлем көлемінде ЮНЕСКО ауқымында жариялануына орай ұсыныс жөнінде көзқарас білдірді.  Кездесуде даниялық тіл маманы Уилгельм Томсен ежелгі түрік жазуын оқыған күн ретінде белгілі 1893 жылғы 25 қараша күні салмақты орын алды.

ЮНЕСКО Түркия Ұлттық комитетінің төрағасы Проф. М. Өджал Огуз болса мақсаттың түрік тілінің ЮНЕСКО жүйесінде жетінші тіл ретінде көру екенін атап айтты.

Түбегейлі шешім түрік елдерінің ЮНЕСКО ұлттық комитеттерімен ақылдасу жиындарынан кейін қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар