Нобель лауреаты Алматыда

Алматы қаласында Экономика, Финанс және Энергия конгресінің үшіншісі басталды.

Нобель лауреаты Алматыда

Қазақстанның Алматы қаласында Экономика, Финанс және Энергия конгресінің үшіншісі басталды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті ұйымдастырған конгрестің беташарына университеттің Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Муса Йылдыз, 2015 жылғы Нобель Химия сыйлығының лауреаты Проф. Азиз Санджар, Алматы қаласындағы бас консул Огыз Каан Көксал, Өкілетті кеңес мүшесі Проф. Мухиттин Шимшек және Нигде Өмер Халисдемир Университеті ректоры Проф. Мухсин Кар қатысты.

Муса Йылдыз конгрестің ашылу баяндамасын оқып, түрік әлемінің химиядан Нобель сыйлығын бірінші рет алған Азиз Санджарды Қазақстанда қонақ қылғандарына қуанышты екендерін білдірді.

Азиз Санджар да өзін конгреске шақырғандарға алғыс білдіріп: «Бұл жер-атамекен. Балалық шағымнан бері көргім келетін еді, тарих кітаптарынан көп оқыдым. Сондықтан осында келу мен үшін абырой, қуаныш» деді.

Мың жыл бұрын ғылымда көш бастаған түрік әлемінің артынан терең ұйқыға батқанына назар аударған Санджар: «Қытай да бізге ұқсас үдерістен өтті. Бірақ жинақталып, ғылыми өндірісте алға шықты.  Біз әлі арттамыз.  Қай жерде қате жасағанымызды ойлануымыз керек» деді.

Баяндамалардан кейін Проф. Азиз Санджарға ЮНЕСКО 2016-2017 жылдары жариялаған Қожа Ахмет Ясауи жылына арналып басылған «Диуани Хикмет» кітабы сыйға тартылды.

Конгресте Орталық Азия елдерінде қаржы жетістіктері, аймақтық банк секторы,  орталық банктердегі қиыншылықтар,  ақша саясаты, капитал нарығында инвесторды қорғау, Орталық Азияда және Еуразияда экономика секілді тақырыптар қолға алынады.

Конгресс 18 сәуір күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар