Елбасы Акынджы: Понти тарапының ұстанымында кез келген бір өзгеріс байқамадық

СКТР елбасы Мұстафа Акынджы мен Понти басшысы Никос Анастасиадис аралық аймақта бас қосты.

Елбасы Акынджы: Понти тарапының ұстанымында кез келген бір өзгеріс байқамадық

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) елбасы Мұстафа Акынджы Кипр келіссөздерімен байланысты «Понти тарапының ұстанымында кез келген бір өзгеріс байқамадық» деді.

СКТР елбасы Мұстафа Акынджы мен Понти басшысы Никос Анастасиадис БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және БҰҰ Бейбітшілік күші қызметінің шефі Елизавета Спеардың аралық аймақтағы ресми үйінде берген кешкі қонақ асыға қатысты.

Екі қоғамды Бейбітшілік инициативасы мүшесі бір топ болса қолдарына ұстаған «Кипрде шешім қалаймыз» деп жазылған плакатымен басшыларға қолдау берді.

Акынджы шамамен 3,5 сағат жалғасқан кездесудің артынан президенттік сарайда жасаған мәлімдемесінде шілде айында Швейцарияның Кран-Монтана ауданында табыссыз аяқталған Кипр конференциясының артынан Понти басшысы Анастасиадиспен тағы бір рет бас қосқанын атап, кездесуде жағдайды қайтадан бағалауға мүмкіншілік тапқандарын білдірді.

Елбасы Акынджы енді Кипр келіссөздерінде еркін бір кезең болмайтынына назар аударып, «Бұдан кейінгі кезең тек қана созуға мүмкіншілік берілмейтіндей стратегиялық бір ұстаныммен қолға алына алады. Бұл мүмкін бе? Мұны алдағы уақытта көреміз. Понти тарапының ұстанымында кез келген бір өзгеріс байқамадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар