Түркия - Өзбекстанның маңызды сауда серігі

Түркия Өзбекстанның саудадағы ең ірі төртінші  серігі болды.

Түркия - Өзбекстанның маңызды сауда серігі

Түркия биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Өзбекстанның саудадағы ең ірі төртінші  серігі болды.

Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің хабарламасына қарағанда,  елдің сыртқы сауда көлемі жылдың қаңтар-маусым айларында 17,7 миллиард долларға жетті.

Осы кезеңде 7,8 миллиард долларлық экспорт және 9,9 миллиард долларлық импорт жасаған Өзбекстанның сыртқы сауда олқылығы болса 2,1 миллиард доллар болды.

Хабарламаға қарағанда, қаңтар-маусым айларында Өзбекстанның ең ірі сауда серігі 16 пайыздық үлеспен Ресей болды.

Артынан 5,9 пайыз үлеспен Қытай, 8,1 пайыз үлеспен Қазақстан, 5,3 пайыз үлеспен Түркия және 4,3 пайыз үлеспен Оңтүстік Корея келеді.

Жылдың алғашқы алты айында Өзбекстанның экспортында бірінші орында қызмет секторы мен энергия және мұнай өнімдері,  импортында болса машина және жабдықтар мен химиялық өнімдер орын алды.



Ұқсас жаңалықтар