Өзбекстан конститутция күнін тойлауда

Ташкентте ел конститутциясының қабылдануының 26-шы жылдығына орай мемлекеттік рәсім ұйымдастырды.

Өзбекстан конститутция күнін тойлауда

Өзбекстанда конститутция күніне орай 136 тұтқын босатылды.

Ташкентте ел конститутциясының қабылдануының 26-шы жылдығына орай мемлекеттік рәсім ұйымдастырды.

Рәсімге президент президент Шавкат Мирзиеев, үкімет мүшелері, елдегі шетелдік дипломаттарға қоса көптеген адам қатысты.

Рәсімде баяндама жасаған Мирзиеев елінде соңғы кездері адам құқықтарын қамтамасыз ету және әділ сот жүйесін одан да жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүргізілгенін атап көрсетті.

Президент Мирзиеев конститутцияның қабылдануының 26 жылдығына орай «жасаған қылмысына өкінген және өзін тәртіпке салу» бағытындағы 136 тұтқынды кешіру жайлы заңнамаға қол қойғанын атап көрсетті.

Соңғы кезеңде заңсыз ұйымдарға мүше болғаны үшін айыпталған 3 мың 333 тұтқынның еркін жіберілгенін атап көрсеткен Мирзиеев сондай-ақ 20 мыңнан астам адамның да полиция дайындаған «радикалды діни топтармен байланысы барлар» тізімінен шығарылғанын атап көрсетті.

Мирзиеев конститутция күніне орай әртүрлі салаларда табысты тұлғаларға мемлекеттік мақтау мен ордендер табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар