Бинали Йылдырым грек әріптесімен бас қосты

Йылдырымды премьер-министрлік ғимаратында грек әріптесі қарсы алды.

Бинали Йылдырым грек әріптесімен бас қосты

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркия мен Грекияның бірдей жағрапияда екі көрші мемлекет ретінде ортақ тағдырды бөліскенін атап көрсетті.

Грекия премьер-министрінің ресми шақыруы аясында Грекияға жұмыс сапары ұйымдастырған Бинали Йылдырым грек әріптесі Алексис Ципраспен бас қосты.

Йылдырымды премьер-министрлік ғимаратында грек әріптесі қарсы алды.

Оңаша кездесу алдында басшылар мәлімдеме жасады. Йылдырым «Біз көршіміз, бізде бір сөз бар: көрші көршінің күліне де мұқтаж. Кейде мәселелер шы,ып кететініне еш күдік жоқ. Мәселелерді екі жақ ақылдаса отырып шешуі мүмкін» деді.

Соңғы кездері Грекияның қатты қиналғанын және Түркияның да оңтүстік шекарасында Сирия мен Иракта азаматтық соғыстың жалғасқанын атап айтқан Йылдырым «Қиыншылықтарымыз бар. Бұл мәселелерді екі жақты ынтымақтастықпен шешетінімізге сенемін. Бірге жасалатын болымды жұмыстар мен мүмкіншіліктер болса мәселелерімізден көп. Сондықтан мүмкіншіліктерге одан көп назар аударып, мәселелерімізді уақытпен санасып, жақсы көршілік және әділеттілікпен келіссөздер арқылы шешу әрқашан мүмкін. Осыған талпынуға тиістіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар