Сыртқы істер министрі Жапонияға барады

Министр Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен кездеседі.

Сыртқы істер министрі Жапонияға барады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 20-22 маусым күндерінде Жапонияға барады.

Министр Жапонияда Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен кездеседі.

Бұл Түркиядан Жапонияға сыртқы істер министрі деңгейінде 14 жылдан кейін болатын алғашқы сапар болмақ.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу сонымен бірге Экономика,  сауда және өнеркәсіп министрі Хирошиге Секо және Жапония-Түркия парламенттер арасы Достық тобы мүшелерімен кездеседі. Министрдің премьер-министр Синдзо Абэ тарапынан қабылдануы және Сасакава Бейбітшілік фондында баяндама оқуы күтілуде.

Министр Чавушоғлуның Жапониядағы байланыстарында екі ел арасындағы қарым-қатынастар және ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылады.



Ұқсас жаңалықтар