Түрік әскері Катарда

Түрік-Катар ортақ әскери жаттығуы үшін Катарға аттанған түрік әскерінің алғашқы тобы Дохаға барды.

Түрік әскері Катарда

Катар Қорғаныс министрлігі тарапынан жасалған мәлімдемеде түрік әскерінің алғашқы оқу-жаттығуын Тарык ибн-Зияд әскери базасында жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде Түрік-Катар ортақ әскери жаттығуының Катар дағдарысының алдында жоспарланғаны, тараптардың қорғаныс қабілеттерін жетілдіру жұмыстарының жалғасы екені атап көрсетілді.

Катардағы базада қазірше 200-ге таяу түрік әскері бар.



Ұқсас жаңалықтар