Президент босниялықтармен кездесті

Ердоған екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артуы үшін жұмыстанғандарын айтты.

Президент босниялықтармен кездесті

Мемлекеттік сапармен Сербияға барған президент Режеп Тайып Ердоған Босниялық ұлттық азшыл кеңесінің төрағасы Сүлейман Углжанинді қабылдады.

Артынан Босниялық ұлттық азшыл кеңесінде сөз сөйлеген Ердоған Санджак тұрғындары мен Сербиядағы босниялықтарды тек жақын ағайын ретінде көрмегендерін айтты.

Босниялық азшыл халқының құқықтарын Еуропа елдері арасында ең дамыған заңдардың біріне ие Сербияның заңдары аясында іздеуге болатынын білдірген Ердоған Босниялық ұлттық азшыл кеңесінің төрағасы Сүлейман Углжаниннің осы тақырыптағы жұмыстарына риза болғанын айтты.

Президент түрік инвестициясының Санджакта арттырылуы үшін жұмыстанғандарын айтып, кеше Белградта Бизнес форумға қатысқанын да еске салды.

Ердоған екі елдің білім беру,  медицина,  инфрақұрылым салаларында бірге жұмыс істеуі керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған аймақта үй жиһазы шеберханасы құрып,  жаңа жұмысқа орналастыруды ынталандыруға болатынын айтты.

Сонымен бірге президент сапары барысында кейбір ынтымақтастық жобалары жөнінде хаттамаларға қол қойғандарын атап көрсетіп,  осы жобалардың Санджак пен Нови-Пазарға қайырлы болуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар