Заңсыз босқындар ұсталды

Грекияға кетуге тырысқан 244 босқын ұсталды.

Заңсыз босқындар ұсталды

Измирде жүзеге асырылған бес операцияда заңсыз жолдармен Грекияға кетуге тырысқан 244 босқын ұсталды.

Қауіпсіздік күштері Фоча, Чешме,  Сеферихисар және Дикили аудандарында босқындарға бағытталған операциялар жүзеге асырды.  Операцияларда түрлі елдің 244 азаматы ұсталды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығындағы істері аяқталған босқындар Измир қаласы Миграция дирекциясының босқындар орталығына жолданды.

Сонымен қатар Едирне қаласында да заңсыз жолдармен Грекия және Болгарияға кетуге тырысқан 109 босқын ұсталды.

Босқындар Сирия,  Пәкістан, Ауғанстан және Иран азаматтары болып шықты.



Ұқсас жаңалықтар