Елші Басстың сөздері дұрыс емес

Агар түрік халқының АҚШ-на қарсы айқын түсініктің қалыптасқанын білдірді.

Елші Басстың сөздері дұрыс емес

Агар түрік халқының АҚШ-на қарсы айқын түсініктің қалыптасқанын білдірді.

Мамандар осы апта аяғында Түркиядан кететін Америка Құрама Штаттарының Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Джон Басстың алдыңғы күні ұйымдастырған баспасөз мәслихатында сөйлеген сөздерін қолға алды.

Галатасарай Университеті халықаралық қарым-қатынастар бөлімі профессоры Берил  Дедеоғлұ Америка Құрама Штаттарының Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Джон Басстың «9 жарым айдан бері Түркияда террор шабуылы болмауда. Бұл ДАИШ-тың бас тартқаны үшін емес, ынтымақтастығымыздың нәтижесі болып табылады» дегенін жеткізді.  Дедеоғлұ  Джон Басстың бір дипломат болғанын еске салып, Басстың сөздерінен «Біз қалауымыз бойынша террорды басқара аламыз деген мағына шығуда» деді.

Дедеоғлұ осы сөздің бір жағында «Біз араласпасақ оқиға болуы мүмкін», енді бір жағында да «ДАИШ-ке сөзіміз өтеді» деген мағынаға жатқанын меңзеді.

Дедеоғлұ «Джон Басс бір дипломат және сөздерінен біз қалауымыз бойынша террорды басқара аламыз деген мағына шығуда. Бұл дұрыс емес» деген сөздер қолданды.

Қауіпсіздік маманы Абдуллах Агар болса «Түркияда 9 жарым айдан бері ДАИШ шабуылы болмауда» деген елші Басстың Реинада жасалған ДАИШ шабуылын еске түсіргенін баяндады.

Агар АҚШ-тың Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ, ПКК, PYD және YPG-ге берген қолдауымен түрік халқының есінде АҚШ-на қарсы айқын түсініктің болуына себеп болғанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар