Түркия түлектері бас қосады

Түркиядағы жоғары оқу орындарын бітіргендер 25 қараша күні Стамбулда бас қосады.

Түркия түлектері бас қосады

Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келіп,  Түркиядағы жоғары оқу орындарын бітіргендер 25 қараша күні Стамбулда бас қосады.

Түлектер Стамбулда болатын «Түркия қайтадан: түлек кездесуіне» қатысады.

Мақсат – Түркияның түлектері арасындағы қатынас желісін,  байланыстарын нығайту,  Түркияда бітіріп, елдеріне оралған түлектерді қауыштыру. Осы түлектердің өз арасында жақындасуын қамдап,  сонымен бірге елдер арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру.

Соңғы жылдардағы Түркияның стипендиялары,  жоғары оқу орындарына түсуді жеңілдететін заңдар шетелдік студенттердің назарын аударып отыр.

Түркияда шамамен 100 мыңнан астам шетелдік студент оқиды, олардың 16 мың шақтысы Түркиядан стипендия алып отыр.

Қазір Түркияда білім алып жатқан шетелдік студенттермен бірге 160 елде 150 мың шақты бұрын оқып кеткен түлектер бар.

Президенттік аппарат та қолдап отырған Стамбулдағы түлек кездесуінде де 107 елден мың шақты адам келеді.



Ұқсас жаңалықтар