Президент Ердоған ауыл басшыларымен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайда ауыл басшыларына үн қатты.

Президент Ердоған ауыл басшыларымен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сирияның солтүстігінде бір террор коридоры құру бастамасына қарсы сабырларының тауысылғанын атап көрсетті.

Ердоған Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD арқылы Сирияда террор коридоры құрғысы келгенін атап көрсетті.

Бұл талпыныстар алдында Түркияның сабырының тауысыла бастағанын атап көрсеткен Ердоған «Сирияда және Ирактағы оқиғалардың артынан құрылған тәртіптің мақсаты уақыт өткен сайын одан да нақтылана түсті. Айтылған өтірікті тыңдауға төзім қалмады. Аймақты террордан тазалау мақсатты өткен жылы жасағанымыз Евфрат қалқаны операциясымен басқан қадамымыздың ауқымын кеңейтетін күшіміз бар» деді.

PYD-нің Сирияда террор коридоры құруға тырысқандары аймақпен Түркия үшін аса маңызды және туысқандық байланысы бар екеніне назар аударған Ердоған «Сол жерде мемлекет құрғысы келгендер өкінеді. Ешкім жаңа бір мемлекет құруға әрекет жасамасын» деді.

2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) басшысының АҚШ тарапынан қорғалғанын атап көрсеткен Ердоған «Сен оны ұстап бермейтін болсаң, бұдан кейін бізден кезкелген террористті сұрағанда ала алмайсың» деді.



Ұқсас жаңалықтар