"Зәйтүн бұтағы операциясы - халықаралық құқыққа сай"

Куртулмуш Туризм министрлері жиналысына қатысты.

"Зәйтүн бұтағы операциясы - халықаралық құқыққа сай"

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Түркияның Таяу Шығыстағы саясатының өңірдегі барлық елдердің тұтастығының сақталып қалуы мақсатты екенін айтты.

Куртулмуш Болгарияның бас қаласы Софияда Еуропа Одағы кеңесі Туризм министрлері жиналысына қатысты.

Жиналыстан кейін баспасөз мәслихатын өткізген министр Сирияның  Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясының халықаралық құқыққа сай екенін атап көрсетті.

Нуман Куртулмуш Түркияның өңірдегі мақсатының территория басып алу емес,  террористтерді залалсыздандырып,  Сирияның бөлінуінің алдын алу екенін білдірді.

Министр баспасөз мәслихатында айырықша Түркияның туризм тақырыбында бастама көтергенін айтып: «2023 жылы 50 миллион турист, 50 миллиард доллар табыс мақсатын одан әрі арттырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар