"19 наурыз күнгі кездесу кейінге қалдырылуы мүмкін"

Чавушоғлу мен Лавров баспасөз мәслихатын өткізді.

"19 наурыз күнгі кездесу кейінге қалдырылуы мүмкін"

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-та 19 наурызда болатын Манбидж тақырыпты жиналыстың кейінге қалдырылуы мүмкін екенін айтты.

Түркия – Ресей 6-шы Ортақ Стратегиялық жоспарлар тобының жиналысы Мәскеуде болып өтті.

Мевлүт Чавушоғлу мен орыс әріптесі Сергей Лавров делегацияларымен бірге кездесу өткізді. Кездесудің маңызды тақырыбын Сирия қалыптастырды.

Чавушоғлу кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында АҚШ лауазым иелерімен 19 наурыз күніне жоспарланған жиналыстың кейінге қалдырылуы мүмкін екенін білдірді.

«19 наурызда болатын кездесу Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның міндеттен кеткеніне байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін.  Жаңа Мемлекеттік хатшымен де түсіністікпен жұмыс істеуді қалаймыз» деді ол.

Баспасөз мәслихатында Түркияның Ресейден әуе қорғаныс жүйесін алуына да тоқталған министр «S-400 жүйесін қаншалықты тез алсақ,  соншалықты жақсы болады» деді.  Ал Лавров «Әуе қорғаныс жүйесін табыстауды жылдамдатамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар