Афринде бір әскер шейіт болды

Зәйтүн бұтағы әскери әрекетінде бір әскер шейіт болды.

Афринде бір әскер шейіт болды

Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы әскери әрекетінде бір әскер шейіт болды.

Бас штабтың хабарламасында операция аясында Африн аймағында бір әскердің шейіт болғаны атап көрсетілді. Хабарламада «Бізді қатты күйзелткен осы оқиғада қаза тапқан әзіз шейітке Алладан рақым, шейіттің қайғылы отбасына, Түрік Қарулы күштері мен ұлы Түрік ұлтына сабыр тілеп, көңіл айтамыз» деп айтылды.

Түрік Қарулы күштерінің 20 қаңтардан бері жалғасып келе жатқан әскери әрекетінде қазірге дейін 44 түрік әскері шейіт болды.



Ұқсас жаңалықтар