"Кешке дейін Афринді азат етеміз"

Ердоған Сирияның Африн аймағының кешке дейін террористтерден тазалануын тіледі.

"Кешке дейін Афринді азат етеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Африн аймағының кешке дейін террористтерден тазалануын тіледі.

Ердоған Президенттік сарайда 46-шы Ауыл басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Түрік Қарулы күштері 20 қаңтар күні бастаған Зәйтүн бұтағы әскери әрекетіне тоқталды.

Әскери әрекетте бүгінге дейін 3 мың 444 террористтің залалсыздандырылғанын білдірген Ердоған: «Афринге жақындадық. Кешке дейін Африн толығымен азат етілсін деп тілеймін. Әрине,  ісіміз жеңіл емес. Біз батыс елдері секілді жазықсыз адамдарды өлтірмейміз. Олар тек Алжирде 5 миллион адамды өлтірді.  Руандада,  Ливияда,  Иракта он мыңдаған, жүз мыңдаған адам өлтірді.  Алдымен осылардың есебін берсін.  Түркия бейбіт халықты нысанаға алғанда,  қазірге дейін Африн деген жер қалмас еді» деді.

Президент Афринде Түрік Қарулы күштері қолданған қарулардың 65 пайызының отандық екенін айтты.  

Ердоған сонымен бірге Африн қала орталығында тойтарыс беретіндерін айтқан террористтердің түрік әскерлерін көрген соң,  арттарына қарамай қашқанын атап көрсетті. Террористтер қашып бара жатып бейбіт халықты өздеріне жанды қалқан ретінде қолданды.

«Көріп отырсыздар,  сол тауларда, төбелерде қандай туннельдер ашылған? Бұларды кім салды? Террористтер ме? Тек олар емес,  олардың серіктері бар» деді президент.

Сириядан кейін Солтүстік Иракқа да әскери әрекеттің белгісін берген президент Ердоған: «Манбиджті тазалаймыз. Евфрат өзенінің шығысын да Солтүстік Иракпен шекарамызға дейін террористтерден тазалаймыз. Біздің қауіпсіздігіміз – біздің басымдығымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар