Премьер-министр Бинали Йылдырым Әзірбайжанда

Йылдырымды Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Әзірбайжанда

Премьер-министр Йылдырымды Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

Загулба сарайында баспасөзге жабық өткен қабылдау бір сағат болды.

ТР премьер-министрі артынан президент Алиевтің қонағасына қатысты.

Әзірбайжан Ұлттық мәжілісі төрағасы Октай Еседов тарапынан да қабылданған премьер-министр Йылдырым Әзірбайжан премьер-министрі Артур Расизадемен де кездеседі.

ТР премьер-министрі биыл «Белсенді қоғам қалыптастыру үшін айырмашылықтарды азайту» деген тақырыппен өткізілетін 6-шы Жаһандық Баку форумының беташарында және «Күш: Ірі күштер мен қалғандары» атты отырыста сөз сөйлейді.

Премьер-министр Йылдырым форумға қатысатын шетелдік басшылармен де кездесу өткізеді,  баспасөз өкілдері және іскерлермен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар