Афринде жарақат алған әскер шәйіт болды

Зәйтүн бұтағы операциясы кезінде жарақат алып ауруханаға жеткізілген бір әскер шәйіт болды.

Афринде жарақат алған әскер шәйіт болды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағына бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясы кезінде жарақат алып ауруханаға жеткізілген бір әскер шәйіт болды.

Бас штаб басқармасы жасаған жазбаша мәлімдемеде Зәйтүн бұтағы операциясы аясында Афринде жүзеге асқан операциялар кезінде 15 наурыз күні жарақат алып, ауруханадан емделіп жатқан бір әскердің шәйіт болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Бұл оқиғада қаза тапқан шәйітімізге Алланың рақымшылығы мен қайғылы отбасына сабыр тілей отырып, Түрік қарулы күштері мен қасиетті ұлтымызға көңіл айтамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар