Бүгін 18 наурыз Чанаккале жеңісінің 103 жылдығы

18 наурыз Чанаккале жеңісінің 103 жылдығы ел көлемінде тойлануда.

canakkale toren1.jpg

18 наурыз шәйіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісінің 103 жылдығына орай алғашқы рәсім Чанаккаледе ұйымдастырылды.

Чанаккаледе  Ататүрік ескерткішіне басшылар гүл шоғы қойған Республика алаңындағы рәсімге Үкімет атынан Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Түрік қарулы күштері атынан Чанаккале Бұғаз қол басшысы Конрадмирал Митхат Кемал Алгүл, Чанаккале губернаторы Орхан Тавлы және Муниципалитет төрағасының уәкілі Аднан Гүлер қатысты.

Дарданель теңізіндегі «TCG Salihreis» атты соғыс кемесі 21 рет  зеңбіректерін атқылап шәйіттерді құрметтеді.

Мемлекеттік әнұранның орындалуының артынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 1994 жылы 253 мың шәйіт атынан 3972 санды  қабылданған заңмен Чанаккале қаласына табыс етілген алтын медаль биыл түрік жалауына ілініп тігілді.

«Чанаккале өткел бермейді» деп жазылған алтын медаль 18 наурыз стадионы орнына биыл алғаш рет Республика алаңында Министр Джаникли, Губернатор Тавлы, Бұғаз қолбасшысы Алгүл мен Гүлер тарапынан жалауға ілінді.



Ұқсас жаңалықтар