Анкарада Президенттік кабинет жиналады

Жаңа президенттік кабинеттің отырысы президент Ердоған басшылығында маңызды күн тәртібімен өтеді.

Анкарада Президенттік кабинет жиналады

Президенттік сарайда өтетін жиналыстың негізгі күн тәртібін экономика құрайды.

Түркияға бағытталған АҚШ-тың экономикалық санкциясына қарсы қабылданған шаралардың қорытындысы бағаланады.

Сондай-ақ валюта курсындағы арзандауды жылдамдататын жаңа қадамдар қолға алынады.

Бюджеттік дисциплинаның қамтамасыз етілуі, инфляциямен күрес, қажетті құрылымдық реформалардың іске қосылуы тақырыптары талқыланады.

АҚШ-тың кейбір өнімдеріне салынатын қосымша салық пен осыдан кейін басылатын қадамдар да қолға алынады.

Кеңесте сондай-ақ террормен күрес тақырыбы да күн тәртібіне келеді. Ел көлемінде және шетелде жүргізілген террормен күрес операциялары жиналыста қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар