Министр Чавушоғлу АҚШ-пен өзара экономикалық дағдарысқа тоқталды

Сыртқы істер министрі Сауда министрі Рухсар Пекджанды 10-шы Өкілетті елшілер конференциясына баяндамашы ретінде шақырды.

Министр Чавушоғлу АҚШ-пен өзара экономикалық дағдарысқа тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның АҚШ-пен дағдарысын шешу үшін қолдан келгенді істегенін, дегенмен өздерімен ешкімнің араласпағанын атап көрсетті.

10-шы Өкілетті елшілер конференциясының үшінші күнінде Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сауда министрі Рухсар Пекджанды баяндамашы ретінде шақырды.

Конференцияда сөз алған Чавушоғлу АҚШ-пен өзара экономикалық дағдарысқа назар аударды.

Министр Чавушоғлу «Бұл кезеңде мынаны біліңдер, біз өз жауапкершілігімізді орындадық. Әр тақырыпта жасампаз болдық, бірақ қарсыластарымыз арасында мұны түсінетін ешкім шықпағанын көрдік» деді.

Түркияның дағдарысты шешу үшін үстелге отыруға дайын екеніне назар аударған Чавушоғлу «Біз бүкіл мәселелерді сөйлесуге әзірміз. Дегенмен бір шартымыз бар, қорқыту мен санкция дегендер сияқты қателіктер жасалмауға тиісті» деді.

Сауда министрі Рухсар Пекджан болса АҚШ-ты Әлем сауда ұйымында конференцияға шақырғандарын білдірді. Пекджан «АҚШ-ты конференцияға шақыруымыз өздеріне ұласты. Осылайша Әлем сауда ұйымында сот процесін бастадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар