Ердоған Молдоваға аттанады

Президент Молдова президенті Игорь Додонның шақыруымен осы елге аттанады.

Ердоған Молдоваға аттанады

Президент Режеп Тайып Ердоған Молдова президенті Игорь Додонның шақыруымен осы елге аттанады.

Президенттік баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, президент екі күндік сапарында Молдова президенті Додонмен оңаша кездеседі және делегациялардың кездесуіне басшылық жасайды.

Кездесулерде шамамен 500 миллион долларлық сауда айналымын 1,5 миллиард долларға көтеру және түрік компанияларының Молдоваға инвестиция салуына ынталандыру мақсатымен басылатын қадамдар қаралады.

Ердоған мен Додон екі жақты мәселелер,  өңірлік проблемалар және Фетуллахшы террор ұйымы секілді террорлық ұйымдармен күрес тақырыптарын қолға алады.

Ердоған сонымен бірге Кишиневте 2009 жылы Молдовадағы төңкеріс барысында қиратылғаннан кейін Түркия тарапынан реставрация жасалған Президенттік ғимараттың беташарына қатысады.

Президент байланыстары барысында Молдоваға 350 миллион долларлық инвестиция салған түрік компанияларының басшыларымен бас қосады.

Президенттің сапары аясында сонымен бірге Гагауыз автономдық аймағында қос тілде білім беретін балабақшалар қызметке беріледі.



Ұқсас жаңалықтар