Емине Ердоған науқас балаларға сыйлық таратты

Емине Ердоған Кишиневте науқас балаларға сыйлық таратты.

Емине Ердоған науқас балаларға сыйлық таратты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Молдованың бас қаласы Кишиневте науқас балаларға сыйлық таратты.

Президент Ердоғанның Молдова сапарында серік болған Емине Ердоған Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА тарапынан салынған балалардың физиологиялық реабилитациясы үшін невролгия, термотерапия және басқа да ем әдістері жүргізілетін Ана мен бала орталығына барды.

Орталықтағы балалар және аналарымен сөйлескен Емине Ердоған артынан онкология клиникасына барып, осындағы балалармен кездесті. Молдова президенті Игорь Додонның жұбайы Галина Додонмен бірге барған Емине Ердоған науқас балаларға сыйлық таратты.

Емине Ердоған Молдова мәдениетін танытатын ұлттық және этнографиялық жәдігерлер көрмеге қойылған Кишинев Этнографиялық мұражайы да аралады.



Ұқсас жаңалықтар