Трампқа жауап

Ибрахим Калын Дональд Трамптың Түркия туралы сөздеріне қатал наразылық білдірді.

Трампқа жауап

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың Түркия туралы сөздеріне қатал наразылық білдірді.

Ибрахим Калын: «Дональд Трамп, террористтер одақтас және серік болмайды.  Түркия Америка Құрама Штаттарынан стратегиялық серіктестік жауапкершіліктерін орындауын және бұған террор үгіт-насихатымен көлеңке түспеуін күтеді» деді.

Трамптың сөздеріне әлеуметтік желіден жауап берген Калын: «Дональд Трамп, күрдтерді Америка Құрама Штаттарының терроризм тізіміндегі PKK және оның Сириядағы жалғасы PYD/YPG-мен тең қарау -  үлкен қате. Түркия террористтермен күресуде,  күрдтермен емес.  Күрдтерді және қалған сириялықтарды террор қаупінен қорғаймыз» деді.

Дональд Трамп әлеуметтік желіде Америка Құрама Штаттарының Сириядан кете бастағанын және ДАИШ-пен күрестің жалғасатынын айтып еді.  АҚШ президенті айырықша Түркияны  YPG/PKK-ны нысанаға алған жағдайда экономикамен қорқытып, аймақта (Түркия-Сирия шекарасында) 20 мильдік сенімді аймақ құратындарын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар