Түркия Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады

Калын ««Бұл шабуыл мұсылман дұшпандығының соңғы түйінін көрсетуде» деді.

Түркия Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады

Түркия Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландиядағы мешіт шабуылының әлемде кең қанат жайған нәсілшілдік және Ислам дұшпандығының бір дәлелі екенін айтты. 

Президент Ердоған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады. Ердоған мәлімдемесінде«Жаңа Зеландияда Әр-Нұр шетініне және сол жерде ғибадат етіп жатқан мұсылмандарға жасалған террор шабуылын қатал айыптаймын. Шабыулда қаза тапқандардың жатқан жері жаннатта болсын, жарақат алғандарға жедел шипа тілеймін» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да опасыз террор шабуылын айыптағанын білдірді. 

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим  Калын Жаңа Зеландиядағы мешіттерге жасалған шабуылдарға байланысты «Бұл шабуыл Исламға қарсы әрекеттің және мұсылман дұшпандығының соңғы түйінін көрсетуде» деді.

Ибрахим Калын Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде былай деді: «Жаңа Зеландияда Крайстчерч қаласындағы Әл-Нұр мешітіне нәсілшіл және фашист шабуылда ондаған адам аяусыз өлтірілді. Шабуылды қатал айыптаймыз».

Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да Жаңа Зеландиядағы шабуылды қатал түрде айыптағанын білдірді.

Фахреттин Алтун Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде « Қазір террорға қарсы береке-бірлік ішінде болуы кезеңі» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар