Мұстафа Бозташ қанды оқиғаны түсіндірді

Жаңа Зеландиядағы шабуылда жарақат алған Мұстафа Бозташ оқиғаны TRT-ге түсіндірді.

Мұстафа Бозташ қанды оқиғаны түсіндірді

Жаңа Зеландиядағы шабуылда жарақат алған Мұстафа Бозташ оқиғаны TRT-ге түсіндірді.

Кеше Жаңа Зеландияда екі мешітке  террор шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылда  49 адам ажал құшқан болатын. Сол опасыз шабуылда жарақат алған Мұстафа Бозташ қанды оқиғаны Түркия Радио Теледидар Мекемесі TRT-ге түсіндірді.

Бозташ қанды оқиға болған жерде қанның төгілгенін, өзі еңкейген кезде  террористердің  маңына жақындап аяғына қарай оқ атқанын білдірді.

Құтылу үшін жалғаннан өлгенін баяндаған Бозташ террористтердің беттерін көре алмағанын айтты.

Террор шабуылы болған екі мешіт арасында  20 минуттық бір қашықтық бар екенін түсіндірген Бозташ шабуылдан кейін полициялардың мешітке 15-20 минутта жеткенін білдірді.

Жанбасынан жарақат алған Бозташтың денсаулық жағдай жақсы.

 



Ұқсас жаңалықтар