Октай мен Чавушоғлу Жаңа Зеландияға барды

Октай мен Чавушоғлу бүгінгі террорлық лаңкестікте қаза тапқан 49 адам үшін ұйымдастырылатын жаназа рәсіміне қатысады.

Октай мен  Чавушоғлу Жаңа Зеландияға барды

Президенттің орынбасары Фуат Октай мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жаңа Зеландияға барды.   

Фуат Октай мен Мевлүт Чавушоғлу президент Режеп Таип Ердоғанның тапсырмасы бойынша бүгінгі террорлық лаңкестікте қаза тапқан 49 адам үшін ұйымдастырылатын жаназа рәсіміне қатысады. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландия елбасы Дам Пэтси Реддиге телефон шалып, Крайстчерч қаласындағы екі мешітте 49 адам қаза тапқан, 48 адам жараланған террорлық лаңкестікке барлық мұсылмандар атынан лағынат айтатынын жеткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефондағы сөзінде мыналарды айтты:

"Террористтің шабуыл алдында жариялаған сөздері мазмұны тұрғысынан бұл шабуылдың жеке адамның ісі емес екенін айқын көрсетіп отыр. Шабуылдың артындағы террористтік топтардың анықталуы Жаңа Зеландияның көңіліне аз да болса су себеді".

Президент Режеп Тайып Ердоған орынбасары Фуат Октай мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуын бір делегациямен бірге Жаңа Зеландияға жолдайтынын білдірді.

Президент Ердоған,

"Олармен бірге жаңа бір жол картасын белгілеу үшін бағаландырулар жасағаныңыз жөн болар. Еркіндіктер елі Жаңа Зеландияға көлеңке түсірілуін қаламаймыз" деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар