Ибрахим Калын Жаңа Зеландия шабуылдарын айыптады

Ибрахим Калын Бурса қаласында қатысқан бір іс-шарада Жаңа Зеландияда екі мешітке жасалған опасыз шабуылды айыптады.

Ибрахим Калын Жаңа Зеландия шабуылдарын айыптады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Ислам терроризмі деген сөз қаншама қате болса, христиан немесе еврей терроризмі деген сөздің де соншалықты қате» екенін атап көрсетті.

Шабуылды мұсылмандарға емес, бір шіркеу немесе синагогада христиан немесе еврейлерге жасағанда әлемнің мүлдем басқаша наразылық көрсететінін атап көрсеткен Калын «Кейде осыған ұқсас шабуылдар болғанда, осы шабуылдаушылар христиан болғанда ‘біз неліктен христиан терроризмі демейміз?’, террорист еврей болса неліктен еврей терроризмі деп атамаймыз? деген кейбір сезімтал наразылықтардың айтылғанын байқаймыз. Ислам терроризмі деген атау қаншама қате болса, аты мұсылман болған біреулер шығып лаңкестік жасағанда мұны Ислам мен мұсылмандарға теңеу қаншалықты қате болса, Христиан немесе еврей біреулер лаңкестік жасағанда да, бүкіл христиан немесе еврейлерге осыны теңеу соншалықты қате бір ұстаным» деді.



Ұқсас жаңалықтар