Министр Чавушоғлу Жаңа Зеландиядағы азсандыларға алғысын білдірді

«Террорға қарсы жаппай күресуге міндеттіміз».

Министр Чавушоғлу Жаңа Зеландиядағы азсандыларға алғысын білдірді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласындағы екі мешітке жасалған террор шабуылының артынан мұсылмандардың қайғыларын бөліскен аз санды қоғамдарға сезімталдықтары үшін алғыс айтты.

Мевлүт Чавушоғлу ресми твиттер парақшасынан Анадолы агенттігінің «Аз сандылар Жаңа Зеландиядағы террор шабуылын айыптады» тақырыпты хабарын парақшасына салып «#YeniZelanda шабуылының артынан мұсылман бауырларының қайғыларын бөліскен аз санды қоғамға сезімталдығы үшін алғысымды айтамын» деді.

Террордың діні тілі нәсілі және ұлты болмағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «террорға қарсы жаппай күресуге міндеттіміз» деп жазды.

Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласындағы жұма намазының артынан  минут арамен екі мешітке жасалған террор шабуылында  адам қаза тапқан болатын



Ұқсас жаңалықтар