Президент Ердоған Халепче қырғынының жылдығына орай жолдама жариялады

«Халепче қырғынында өлтірілген күрд бауырларымызға Алланың рақымшылығын тілейміз».

Президент Ердоған Халепче қырғынының жылдығына орай жолдама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың Халепче қаласындағы қырғынның 31 жылдығына орай бір жолдама жариялады.

Президент Ердоған әлеуметтік медиа арқылы жасаған жолдамасында «31 жыл бұрын Халепчеде мыңдаған адамның химиялық шабуыл нәтижесінде қаза табуының ұждандарға қалдырған жара қазір де жазылған емес» деді.

Халепче қырғынының адамзат тарихына қара бір дақ ретінде із қалдырғанын атап көрсеткен президент Ердоған «Халепче қырғынында өлтірілген күрд бауырларымызға Алланың рақымшылығын тілейміз» деді.

Халепче қырғыны Иран-Ирак соғысы кезеңінде жасалды.

Кезеңнің президент Саддам Хүсейин Халепчеде химиялық қару қолдану бұйрығын берді.

1988 жылы 16 наурыз күні сегіз ұшақпен улы газ бомбаларын Халепче ауданына тастады.

Көпшілігі жазықсыз 5 мыңнан астам адам ажал құшты, 7 мыңнан астам адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар