Чавушоғлұ S-400  жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ S-400 зымыран қорғаныс жүйелеріне байланысты «Қазір кешіктіру немесе тоқтату сынды болымсыз ешқандай жағдай жоқ» деді.

Чавушоғлұ S-400  жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ S-400  жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ресейден алынатын S-400 зымыран қорғаныс жүйелеріне байланысты «Қазір кешіктіру немесе тоқтату сынды болымсыз ешқандай жағдай жоқ» деді.

Чавушоғлұ осы тықырып туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Америка Құрама Штаттарының S-400 зымыран қорғаныс жүйелерінің F-35 қорғаныс жүйелеріне және НАТО жүйелеріне қауіп төндіретіні жайлы пайымдауларына орай Түркияның ортақ бір жұмыс тобының құрылуы ұсынысын жасағанын баяндаған Чавушоғлұ «Осы комиссия ішінде НАТО-ның да орын алуы керектігін айттық» деді.

АҚШ тараптарымен осы комиссияның құрылуының мақсаты жайлы пікір алмасқандарын түсіндірген Чавушоғлұ «Қазір кешіктіру немесе тоқтату сынды болымсыз ешқандай жағдай жоқ. Егер мұндай бір жұмыс тобы құрылатын болса біз алғы шартсыз жұмысты бастағымыз келеді» деген сөздер қолданды.

Чавукшоғлұ АҚШ-тың ортаға қойған пайымдаулар немесе алаңдаудың дұрыс немесе бұрыс екеніне мамандардың шешім жасауы керектігін білдіріп «Біз осы тақырыпта өзімізге сенеміз. Сондықтан осындай ұсыныс жасадық» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар