Чавушоғлу Сирия Оппозициялық кеңесінің төрағасы Наср Харириді қабылдады

Сыртқы істер министрі Сирияда Атазаң комитеті тақырыбында келісімге келуге таяп қалғандарын айтты.

Чавушоғлу Сирия Оппозициялық кеңесінің төрағасы Наср Харириді қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияда Атазаң комитеті тақырыбында келісімге келуге таяп қалғандарын айтты.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Сирия оппозициясы келіссөз жоғарғы кеңесінің төрағасы Наср Харириді Стамбулда қабылдады. 

Чавушоғлу кездесуге байланысты әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"Сирияда үкіметтің шабуылдары, Сочи келісіміне ашық түрде қарсылық жасалуы - Астана рухына қайшы әрекет. Сирияда Атазаң комитеті тақырыбында келісімге келуге таяп қалдық" деп көрсетті.

Сирияда режим өзін қолдаушылардың көмегімен 2018 жылы 17 қыркүйекте Ресейдің Сочи қаласында қол қойылған келісімге қарамай шабуылдарын жалғастырып келеді. 

Шабуылдар Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 25-26 сәуірде Түркия, Ресей және Иран арасында ұйымдастырылған 12-кезекті жиналыс барысында арта түсті. 

Соңғы екі аптадан бері де артып келеді. 



Ұқсас жаңалықтар